19 АҚПАНДА KASE БИРЖАНЫҢ 2018 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫН ӨТКІЗДІ

19.02.19 17:55
/KASE, 19.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2019 жылдың 19 ақпанында Биржа мүшелерін 2018 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатын өткізді. "Корпоративтік облигациялар нарығындағы жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаз "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) болды. "Нарық көшбашысы" номинациясында: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ және "Фридом Финанс" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында; - "Қазақстан Халық жинақ банкі" – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында марапатталғандар: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында. "Инвесторлаорды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында "Фридом Финанс" АҚ марапатталды. "Сауда-саттық көлемі бойынша көшбасшы" номинациясында марапатталды: - "SkyBridge Invest" АҚ – ҰБҚ қайталама нарығындағы сауда-саттық көлемі бойынша; - "Ситибанк Казахстан" АҚ – шет елдік валюталар нарығындағы сауда- саттық көлемі бойынша. Осы іс-шара бойынша толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/press_releases/ мекен-жайында жарияланған. Жеңімпаздар 2018 жылдың қорытындысы бойынша номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтау мақсатында KASE мүшелерін марапаттау мақсатында құрылған Сараптама кеңесінің шешімімен анықталды. Сараптама кеңесінің құрамы: - Алдамберген А.Ө. (Сараптама кеңесінің төрағасы), Басқарма Төрағасы; - Сабитов И.М., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Цалюк А.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Хорошевская Н.Ю., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Турмагамбетов К.Ж., Басқарма Төрағасының орынбасары; - Мажекенов Е.Б., Сауда-саттық Департаменті директоры; - Литвинов В.С., Мониторинг департаментінің бастығы. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесі KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен-жайында жарияланған. KASE алғаш рет Биржаның ерекшеленген мүшелерін 2002 жылы маратпаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттарымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/ru/members_diplomas/ мекен- жайында жарияланған. [2019-02-19]