Бүгін Қазақстан қор биржасында "Компания Фаэтон" ЖШС KZ2P00004500 (FATNb3) 1 654 000 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

20.02.19, 09:36
/KASE, 20.02.19/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Компания Фаэтон" ЖШС (Алматы) KZ2P00004500 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb3) төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіндігін хабарлайды. --------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: қамтамасыз етілмеген купондық облигациялар ISIN: KZ2P00004500 KASE сауда-саттық коды: FATNb3 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 2 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың алғашқы күні: алғашқы аукцион өткізу күні Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Өтеудің басталу күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 7 жыл (2 520 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 10,50 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купондық төлеуді басталуы: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 20.02.19 Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 654 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, 0 %: Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–12:30 Кесім уақыты: 14:00 (Т+0) Төлем уақыты: 20.02.19, 14:00 Өтінімдерді қагағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша, өтінімдер қарсылама өтінімдердің көлеміне пропорционалды қанағаттандырылады Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық өткізу бастамашысы: "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Bonds_ST1_Alt --------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны өтінімде лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген төлеу уақытқа "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/bonds/show/FATNb3 мекен-жайында жарияланған. [2019-02-20]