"Kaspi Bank" АҚ KZ000A1CTMF6 (CSBN) жай және KZ000A1CTMG4 (CSBNp) артықшылықты акциялары 2019 жылдың 19 ақпанынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

19.02.19 10:04
/KASE, 19.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 19 ақпанындағы шешімімен "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, әрі қарай - банк) KZ000A1CTMF6 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, CSBN) және KZ000A1CTMG4 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, CSBNp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды. KASE 2019 жылдың 07 ақпанындағы қорытындысы бойынша KASE банктен келесі құжаттарды алғаны анықталды: - аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы 2019 жылдың 04 ақпанындағы өтініші; - 2019 жылдың 04 ақпанындағы жағдай бойынша компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімінің көшірмесіне сәйкес аталмыш облигациялар орналастырылған жоқ; - 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша банктің 17 688 939 акцияларымен немесе банктің жалпы орналастырылған акцияларының 88,34 % (17 347 716 жай акциялар немесе 88,96 % және 321 223 артықшылықты акциялар немесе 64,24 %) ие ірі акционері "KASPI GROUP" АҚ банктің аталмыш акцияларын ұстаушылары туралы анықтама. Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш акциялар 2002 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізіміне "А" санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатына енгізілген. Олардың сауда- саттықтары 2002 жылдың 01 шілдесінен бастап ашылды. [2019-02-19]