/ҚАЙТАЛАУ/ 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап валюталық своп операциялары нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары іске қосылуына байланысты KASE ішкі құжаттарына енгізілген бірқатар түзетулер қолданысқа енгізіледі

18.02.19 12:18
/KASE, 18.02.19, 15.02.19 жаңалығын қайталау/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасында (KASE) 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап, орындау мерзімі бір апта, бір ай және үші айлық, своп операциялары бойынша сауда-саттықтар ашылады. Осыға байланысты аталмыш датадан бастап KASE ішкі құжаттарына келесідей түзетулер қолданысқа енгізіледі: 1) 2019 жылдың 22 қаңтарындағы KASE Басқармасының шешімімен бекітілген, Валюталық своп операцияларының маманданымына № 1 өзгерту; 2) 2019 жылдың 29 қаңтарындағы KASE Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне № 2 өзгертулер мен толықтырулар; 3) 2019 жылдың 01 ақпанындағы KASE Басқармасының шешімімен бекітілген, Қаржы құралдарының тәуекел-параметрлерін анықтау әдістемесі; 4) 2019 жылдың 14 ақпанындағы KASE Басақрмасының шешімімен бекітілген, "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін және олардың шоттарын, қаржы құралдары мен бағалы қағаздар эмитенттерін кодтау тәртібі туралы нұсқаулыққ № 4 толықтырулар. Жоғарыда аталмыш құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет- сайтында "KASE Ережелері" бөлімінде жарияланды – https://kase.kz/ru/kase_rules/ [2019-02-18]