14 ақпанннан бастап Еуразиялық даму банкі KZ2C00004737 облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

13.02.19 18:26
/KASE, 14.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 14 қаңтарындағы шешімімен Еуразиялық даму банкі KZ2C00004737 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, орналастыру бойынша алғашқы аукцион қорытындысы бойынша анықталады, 360/30) облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Еуразиялық даму банкінің бірінші облигациялық бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2012 жылдың 11 желтоқсанында жалпы сомасы 150,0 млрд теңгеге тіркелген бесінші шығарылым болып табылады. Еуразиялық даму банкінің қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз Ақ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EABR/ мекен-жайында танысуға болады. [2019-02-13]