"АК Алтыналмас" АҚ 2018 жылдың төртінші тоқсанына артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төледі

14.02.19 12:57
/KASE, 14.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Тараз), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 13 ақпанында 2018 жылдың төртінші тоқсанына бір акцияға 125,00 теңгеден (салық ұстағанға дейін) артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы хабарлады. Ұсынған ақпаратқа сәйкес дивиденд төлеу үшін артықшылықты акцияларды ұстаушылардың тізбесі 2018 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тіркелген. [2019-02-14]