"Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ 2019 жылдың 29 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізеді

14.02.19 11:59
/KASE, 14.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ақтөбе-Темір-ВС" Еншілес кәсіпорны" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 29 наурызында сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - компанияның 2018 жылға қаржы-шаруашылық қызметіне аудит жүргізу үшін тәуелсіз аудиторлық компанияны анықтау; - аудиторлық ұйым қызметі төлемінің көлемін анықтау; - аудиторлық қызмет көрсетуге келісім-шарт жасау. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ATVS/atvs_special_shareholders_meeting_info_290319_18.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-02-14]