"АЛАТАУ-ҚҰС" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

11.02.19 16:36
/KASE, 11.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АЛАТАУ-ҚҰС" АҚ ("АЛАТАУ-ҚҰС" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60190010 жай акцияларының жалпы саны 1 350 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға А.М.Асанова болып табылады. [2019-02-11]