13 ақпанда KASE 2019 жылдың қаңтар айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді

11.02.19, 15:26
/KASE, 11.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 
2019 жылдың 13 ақпанында сағат 11:00 - де  Бұқаралық ақпарат құралдары 
(БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді. Брифингте 2019 жылдың қаңтар 
айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысы туралы статистикалық 
ақпарат ұсынылады.

Іс-шараның спикері – KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Андрей 
Цалюк.

Аталмыш іс-шара KASE конференц-залында мына мекен-жайда өтеді: 
 Алматы қ, Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің 
Солтүстік ғимараты,  1-ші қабат, KASE жаңа пресс-румы.

Биржаның ай сайын   медиа-брифингтерді өткізуі оның ақпараттық 
айқындылық саясаты мен ашықтылығының бір бөлігі болып табылады.

[2019-02-11]