АНОНС: 2019 ЖЫЛДЫҢ 26 АҚПАНЫНДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ" АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

11.02.19, 12:35
/KASE, 11.02.19, 07.02.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы 
(KASE) 2019 жылдың 26 ақпанында қаржы және заң компанияларының 
қызметерлері үшін "Қор нарығының негіздері" атты ақпараттық түсіндірме 
семинар өткізетіні туралы хабарлайды.

Өтетін орны: Алматы қ,  Гоголь көшесі, 111 ("Даму" Кәсіпкерлікті дамыту 
қоры АҚ мәжіліс залы. Өтетін уақыты – алматы уақытымен 09:15 -ден 13:00- 
ге дейін.

Сеинарға қатысу тегін.

Семинарды өткізу мақсаты -  қазақстандық компаниялардың отандық қор 
нарығы туралы білім деңгейін арттыру болып табылады. Тыңдаушылар қор 
нарығының негіздері, қаржы құралдарын компанияның қаржы ағымдарын 
бсқаруға пайдалану жөнінде қосымша ақпарат ала алады.

Қатысу үшін 2019 жылдың 22 ақпанынан кешікпей, төмендегі мәліметтермен 
қоса, тиісті өтінімді customers@kase.kz жіберу арқылы тіркелу қажет:

- компания атауы;

- қызметкердің аты-жөні;

- компанияның атауы және лауазымы;

- қызметкердің байланыс мәліметтері (қалауы бойынша).

Қазақстандағы басқа тыңдаушылар үшін жергілікті орындарға "Даму" 
кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ филиалдарында (алдын ала тіркелу арқылы) 
видеоконференцбайланыс арқылы қатысуға болады..

Барлық мәселелер бойынша

 +7 (727) 237 5300

+7 (727) 237 5320 телефондарына хабарласуға болады.

[2019-02-11]