"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі "компанияның ұйымдастыру құрылымын бекітті

08.02.19 16:59
/KASE, 08.02.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), төмендегі туралы хабарлады: цитата басы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «Компания») 2019 жылдың 6 ақпанында Директорлар кеңесінің мәжілісі өткенін хабарлайды. Мәжіліс барысында Компанияның ұйымдық құрылымын өзгертіп, төменде көрсетілген негізгі бизнес-бағыттарды басқару процестерінің ара-жігін ажырату туралы шешім қабылданды: - геология және барлау бойынша, - өндіріс бойынша, - мұнай өндіру және маркетингі бойынша, - мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы бойынша. Жаңа құрылымға сәйкес басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары қызметі қысқартылып, оның орнына басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары мен басқарма төрағасының барлау және геология жөніндегі орынбасары лауазымдары енгізілді. Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары қызметінің орнына басқарма төрағасының мұнай өңдеу және маркетингі жөніндегі орынбасары және басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбыры құрылысы жөніндегі орынбасары қызметтері енгізілді. Бұдан басқа, «Маңғыстаумұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз» жөніндегі басқарушы директор лауазымы қысқартылды. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_080219_1.pdf мекен-жайында жаряиланған. [2019-02-08]