"Батыс транзит" АҚ Еуразиялық даму банкімен 14,6 млрд теңгеге несие келісім-шартын жасағаны туралы хабарлады

08.02.19 15:50
/KASE, 08.02.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына хабарлама ұсынды: ... 2019 жылдың 6 ақпанында Еуразиялық даму банкі мен "Батыс транзит" АҚ арасында мемлекеттік-жеке серіктестік жобасын қаржыландыру үшін 14,6 млрд теңгеге Несие келісім-шарты жасалды (ірі мәміле). Инвестиция тарту мемлекеттік-жеке серіктестіктің үш жобасын жүзеге асыру үшін қажет: " Шымкент қаласындағы "Акжар" қоректендіру желісімен 110/35/10кВ қосалқы станциясының құрылысы және оны пайдалану", "Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысы және оны пайдалану "(189 көше)", және "Атырау қаласындағы көше жарығы желілерінің құрылысы және оны пайдалану" (3 көше және 2 автотрасса). ... Атылмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_other_doc_070219_130.PDF мекен- жайында жарияланған. [2019-02-08]