"АК Алтыналмас" АҚ Қарағанды облысы Бақтай рудалық алаңында алтын рудаларын барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алды

08.02.19 11:11
/KASE, 08.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына "09.06.2016 жылы Қарағанды облысы Бақтай рудалық алаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (Құзіретті орган) мен "Мөлдір Мұнай" (Жер қойнауын пайдаланушы) және Қоғам арасында (Жер қойнауын пайдаланушы) Қарағанды облысы Бақтай рудалық алаңында алтын рудаларын барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алғаны туралыКелісім-шартына 2019 жылдың 04 ақпанында №1 қосымша шартын жасағаны туралы хабарлады. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_public_report_resources_2018.pdf мекен- жайында жарияланған. [2019-02-08]