"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Петропавл қаласында бөтелкедегі су шығаратын кәсіпорынды қаржыландырды

07.02.19 16:50
/KASE, 07.02.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), 2019 жылдың 07 ақпанындағы баспасөз хабарламасын хабарлайды: цитата басы Сбербанктің қаржыландыруымен Солтүстік Қазақстан облысында тазаланған бөтелкедегі су шығаратын жаңа «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК" кәсіпорны ашылды. 2017 жылы Жеке кәсіпкер Азиз Булкаиров Солтүстік Қазақстан облысында су сапасын арттыру мақсатында бөтелкедегі су шығаратын жеке кәсіпорнын ашу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкер болашақ кәсіпорынды дамыту жобасын дайындай отырып, қаржылық серіктес ретінде Сбербанкті таңдады. Сбербанк "Даму" ҚДҚ" АҚ қатысуымен кәсіпорынның ашылуын қаржыландырды. Бөтелкедегі су өндірісіне қажет барлық жабдықты сатып алып, ағымдағы жылдың басында кәсіпорын "Бірінші" маркалы бөтелкедегі судың алғашқы топтамасын шығарды. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту кез-келген мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Біздің елімізде бизнестің бұл бағытына ерекше орын берілген",- деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. - Біз әлеуметтік бағыттағы кішігірім жобалар мен стартаптарға қолдау көрсете отырып, шағын кәсіпкерліктің дамуына белсенді қатысуға тырысамыз" - деп айтып өтті Ельдар Амантаевич. "Өткен жылдың соңында біз Қытай Республикасынан бөтелкедегі су өндірісіне арналған заманауи жабдықтарды сатып алдық" - деп атап өтті «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК басшысы Азиз Булкаиров. - Бұл - суды көмір-құм сүзгілері арқылы тазартып, соңғы өнімді ионмен қанықтыратын, толығымен автоматтандырылған желі. Суды сүзгілеудің соңғы технологияларын пайдалану "Бірінші" маркалы ең жоғарғы сапалы бөтелкедегі суды шығаруға мүмкіндік береді. «Компания «AQUA PRODUCT» ЖК жобасы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 2018 жылдың соңында қаржыландырылды. Анықтама: «Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 12 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.12.2018ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. цитата соңы [2019-02-07]