Қазақстан қор биржасында 07 ақпанынан бастап "Алматытемiр" АҚ KZ2C00001493 (ALTMb1) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады

07.02.19 10:36
/KASE, 07.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының шешімімен 2019 жылдың 07 ақпанынан бастап, Қазақстан қор биржасында "Алматытемiр" АҚ (Алматы) KZ2C00001493 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, ALTMb1) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE Басқармасының шешіміне сәйкес, 2018 жылдың 03 қазанында аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысына байланысты 2018 жылдың 03 қазанынан бастап тоқтатылды. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық 2018 жылдың 03 қазанындағы облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысындағы қабылданған және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде 2019 жылдың 28 қаңтарында тікрелген аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуіне байланысты жаңартылды. Оған сәйкес облигацияларды орындау міндеттемелерін қамтамасыз ету, тәртібі мен шарттары, облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алуды жүзеге асыру мерзідері, сондай-ақ дефолт пен шектеулерге (ковенант) қатысты басқа да шарттар өзгереді. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ALTM/altmf9_ALTMb1_izm_280119.PDF мекен- жайында жарияланған. Бұрын осы тақырыпта 2018 жылдың 25 қыркүйегінде KASE жаңалығы "Алматытемiр" АҚ KZ2C0Y17C783 (KZ2C00001493, ALTMb1) облигацияларымен сауда-саттық 03 қазаннан бастап тоқтатылды" атты жаңалығы жарияланған – http://kase.kz/ru/news/show/1382614/ [2019-02-07]