"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ «Портфельдік кепілдендіру» жобасы аясында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, бірінші кепілдікті шығарды

07.02.19 09:55
/KASE, 07.02.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), 2019 жылдың 06 ақпанындағы баспасөз хабарламасын хабарлайды: цитата басы «Сбербанк» АҚ ЕБ «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірге «Портфельдік кепілдендіру» жобасы аясындағы алғашқы кепілдікті Талдықорған қ. шығарды. «Өткен жылдың соңында Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ-мен «Портфельдік кепілдендіру» ортақ жабасы бойынша айрықша меморандумға қол қойды, оған сәйкес біз өз клиенттерімізге жеңілдетілген жүйе бойынша кепілдіктер шығара аламыз», – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов. – Бұл жоба клиенттерге «Даму» КДҚ» АҚ кепілдігімен кредит беру туралы шешімді қосымша талдау жүргізбестен және Қормен жобаны келіспестен қабылдауға мүмкіндік береді. «Портфельдік кепілдендіру» қажетті құжаттаманы рәсімдеуге кететін уақытты айтарлықтай қысқартты және кәсіпкерге өз қызметін атқару үшін қажетті тендерлік кепілдікті жылдам рәсімдеуге мүмкіндік берді, - дейді Александр Ильясович. Сбербанк Қазақстан және «Даму» КДҚ» АҚ бірлескен жобасы аясындағы алғашқы кепілдік Алматы облысындағы (Талдықорған қ.) «Ак-Булак Продукт» ЖШС-не берліді, оның негізгі қызметі сүт өнімдерін шығару және өңдеу болып табылады. «Біздің кәсіпорнымыз сүт өнімдерін шығару бойынша аймақтың аса ірі компаниясы болып табылады. КСРО кезінің өзінде біздің компаниямыздың өнімдері жоғары бағалана бастады, мысалы біздің сыр өнімі маркамыз шет елдерге жеткізілетін», – дейді «Ак-Булак Продукт» ЖШС директоры Бауыржан Калимолданов. – Сол себепті біз өз сүт өнімдеріміздің жоғары сапасын сақтауға тырысамыз. Сбербанктен кредит алғанымыздың арқасында біз кәсіпорын жабдықтарын жетілдіре, жаңарта аламыз. Бұл «Даму» қоры мен мемлекет тарапынан үлкен қолдау». Сүт өнімдері зауыты жабдығын жаңарту үшін «Ак-Булак Продукт» ЖШС кәсіпорнын қаржыландыру «Даму-Өндіріс» өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. цитата соңы [2019-02-07]