"КазТрансОйл" АҚ 2019 жылдың 05 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізеді

01.02.19 12:00
/KASE, 01.02.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 05 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізетіні туралы хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе 2019–2021 жылдарға компанияға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы. Аталмыш жиналыс өтетіні туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_special_shareholders_meeting_info_050319_1033.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-02-01]