"North Caspian Petroleum" (Норт Каспиан Петролеум) АҚ KZ1C00006899 (NCPR) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" секторы бойынша листинг процедурасынан өтті

30.01.19 16:44
/KASE, 30.01.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 30 қаңтарында "North Caspian Petroleum" (Норт Каспиан Петролеум) АҚ (Атырау) KZ1C60760010 (ISIN – KZ1C00001601) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің 2016 жылдың 06 қаңтарындағы "North Caspian Petroleum" (Норт Каспиан Петролеум) АҚ бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес жарияланған акцияларының шығарылымын 11 971 836 жай акцияларына бөлінді, оған KZ1C56650019 ұлттық сәйкестендіру номері берілген, 28 164 артықшылықты акцияларына KZ1P56650214 номері берілді. Шығарылым A5665 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне енгізілген. "North Caspian Petroleum" (Норт Каспиан Петролеум) АҚ қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше NCPR қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "North Caspian Petroleum" (Норт Каспиан Петролеум) АҚ негізгі қызмет түрі – мұнай, газ, және су кен орнын іздеу, барлау қызметі болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2019-01-30]