KASE 2019 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН-НАУРЫЗ АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

25.01.19 17:51
/KASE, 25.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген 2019 жылдың ақпан- наурыз айларына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының тізімдерін қалыптастырды. Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2019 жылдың 23 қаңтарындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, аталмыш тізімдерге кірген ИҚБҚ "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Мәмілелер бойынша Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы ИҚБҚ тізімі берілген, бұл тізім 2019 жылдың 01 ақпанынан 31 наурызына дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) State Street Global Advisors басқаруындағы US78462F1030 SPDR S&P 500 ETF TRUST пайлар, KASE ресми тізімі, "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, сауда-саттық коды - US_SPY_; 2) "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы "Еурооблигациялар қоры" ЖЗИҚ KZPF00000025, KASE ресми тізімі, "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, сауда-саттық коды - CSECfe; 3) FinEx FFIN Kazakhstan Equity ETF IE00BG0C3K84 оқшауланған қосалқы қор акциялары, KASE ресми тізімі, "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, сауда-саттық коды - IE_FXBF; 4) "Сентрас - Глобальные рынки" инвестициялық қор KZPF00000033 пайлары, KASE ресми тізімі, "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, сауда-саттық коды – CSECgm. 2019 жылдың ақпан-наурыз айларындағы өтімділігі бірінші, кластарындағы тізімдер KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/ жарияланады. Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Мәмілелер бойынша Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Бағалы қағаздар өтімділігінің көрсеткіштерін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2018-11-25]