KASE, өтеуге дейін 7 400 күнге дейін, индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру үшін қажетті Базалық кезеңнің ұзақтылығын ұзартты

21.01.19 12:53
/KASE, 21.01.19/ – Қазақстан қор биржасының Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) шешімімен 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелмеген бірінші топтағы облигацияларының (бұдан әрі – МБҚ) (өтеуге дейінгі мерзімі 7 400 күнге дейін қалған) нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында олармен 80 күнтізбелік күн ішінде жасалған, өтеуге дейінгі мерзімі 180 және одан көп күн), бағалау датасына дейінгі, 160 күнтізбелік күн барысында жасалған мәмілелердің параметрлері қолданылады. Бағалы қағаздарды бағалау Әдістемесіне (әрі қарай –Әдістеме) сәйкес, индекстелмеген МБҚ өтелуіне кірістілігі бойынша бағаланып, оның мәні әр бағалы қағаздың өтелуіне дейінгі мерзіміне қарай белгіленген қосалқы топтар шегінде анықталатынын еске саламыз. Бұл ретте, өтелуіне кірістілігінің мәні өтеуге дейінгі қалған күндер санына байланысы полиноминалды трендтің бір теңдеуімен дәлірек сипатталатын, бағалы қағаздар бір топқа енгізіледі. Әр топ үшін полиноминалды трендтің теңдеуі, осы таптағы МБҚ-мен биржада бағалау датасының алдында белгілі уақыт аралығында (бұдан әрі және тақырыптамада – Базалық кезең) барысында жасалып, орындалған мәмілелердің параметрлерін жуықтату арқылы анықталады, оның ұзақтылығы Комитетпен орнатылады. Базалық кезеңнің ұзақтылығын Комитет мынадай шарттармен белгілейді: Базалық кезең 40 күнтізбелік күннен кем емес 360 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, оның ұзақтылығы күнмен көрсетіліп, 20-еселік болуы тиіс, кезең, осы қосалқы топқа кіретін, МБҚ үшін кемінде 25 нәтижелі күнді қамтуы тиіс. 2019 жылдың 21 қаңтарына дейін бірінші топтағы индекстелмеген МБҚ нарықтық бағалауын жүзеге асыру мақсатында, KASE базалық кезеңінің ұзақтығы 80 күнтізбелік күн барысында қолданды. Әдістеменің 20-1 тармағына сәйкес, бірінші қосалқы тобындағы МБҚ үшін Базалық кезең 20 күнге ұзартылып, 100 күнтізбелік күнді құрайтын болады. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb.pdf мекен-жай бойынша қолжетімді. Әдістемеге және нарықтық бағаларды есептеу тәртібіне байланысты сұрақтар бойынша KASE Ақпарат және талдау департаментіне (727) 237 53 18 тел., e-mail: info@kase.kz арқылы хабарласуға болады. [2019-01-21]