"Еуразиялық банк" АҚ KZ2C00001204 (EUBNb7) облигациялары ауналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

21.01.19 10:13
/KASE, 21.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) KZ2C00001204 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb7; 100 теңге, 5,0 млрд теңге; 21.01.09 – 21.01.19; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 8,70 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен айналыс мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2009 жылдың 21 қаңтарынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасы бойынша енгізіліп, KASE ресми тізімінің негізгі сауда- саттық алаңының "облигациялар" санатында 2017 жылдың 01 маусымынан бастап енгізілген. Олардың сауда-саттықтары 2010 жылдың 24 қарашада басталған. [2019-01-21]