10 желтоқсаннан бастап "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KZAP) жай акцияларымен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында Т+2 есептеу сызбасымен жүргізіледі

17.01.19 18:32
/KASE, 17.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 17 қаңтарындағы шешімімен мәмілелер бойынша Биржа клирирнгтік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C00001619 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары енгізілді. KASE Басқармасының осы шешімімен 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап аталмыш акциялармен мәміле Биржада есептеу Т+2 сызбасы бойынша клиринг қызметін пайдалана отырып, жүргізіледі. Мәмілелер бойынша Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын, қор нарығының қаржы құралдарының тізімінен енгізу Тәртібі KASE интернет- сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен- жайында жарияланған. Қаржы құралдарымен мәміле бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру ережесі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/clearing_rules.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-01-17]