Бүгін Қазақстан қор биржасында "Сбербанк России" еншілес Банкі АҚ KZ2C00003218 (SBERb10) 1,0 млрд облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

17.01.19 09:30
/KASE, 17.01.19/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE сауда-саттық жүйесінде Сбербанк России" еншілес Банкі АҚ (Алматы) KZ2C00003218 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SBERb10) төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00003218 KASE сауда-саттық коды: SBERb10 Номиналдық құны, теңге: 1,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 50 000 000 000 – орналастырылған: 16 049 200 000 Айналыста болудың алғашқы күні: 27.11.18 Айналыста болудың соңғы күні: 26.11.21 Өтеудің басталу күні 27.11.21 Айналыста болу мерзімі: 3 жыл (1 080 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 11,00 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купондық төлеуді басталуы: 27 мамырда және 27 қарашада жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------ ----------------------- Сауда-саттық күні: 17.01.19 Өтеуге дейінгі мерзім: 2,9 жыл (1 048 күн) Номиналы бойынша жарияланған көлемі, 1 000 000 000 млн.теңге: Лот көлемі, дана 1 000 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–12:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:00 Кесім уақыты: 14:30 (Т+0) Төлем уақыты: 17.01.19, 14:30 (Т+0) Өтінімдерді қагағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша, өтінімдер қарсылама өтінімдердің көлеміне пропорционалды қанағаттандырылады Өтінімдерді кесімдеу әдістемесі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан жоғары, өтінімдер кесімделеді Сауда-саттық өткізу бастамашысы: "Казкоммерц секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕБ) (Алматы) ауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Bonds_ST1_M ------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралдарының саны өтінімде лот көлеміне тең немесе лот көлеміне бөлінетін болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген бір облигацияның номиналдық құнында көрсетілген облигациялар санының туындысы көрсетілуі қажет. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен- жайында жарияланған. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/bonds/show/SBERb10 мекен-жайында жарияланған. [2019-01-17]