2019 жылдың 17 қаңтарынан бастап KASE "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KZAP) жай акцияларын 2019 жылдың 17 қаңтарынан 31 қаңтары аралығында өтімділігі бірінші сыныпты бағалы қағаздардың тізіміне енгізді

16.01.19 15:11
/KASE, 16.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) бағалы қағаздардың индексі және бағалау комитетінің 2019 жылдың 16 қаңтарындағы шешімімен "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C00001619 (KZAP) жай акциялары 2019 жылдың 17 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін өтімділігі бірінші сыныпты акциялар мен депозитарлық жазылым тізіміне енгізілгенін хабарлады. Аталмыш шешім "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау" атты KASE ішкі құжатының 17 тармағына сәйкес, аталмыш акцияларды өтімді деп санауға мүмкіндік беретін факторлардың болуына байланысты қабылданды. Аталмыш факторларға биржа келесі жағдайларды жатқызады. Қазақстан қор биржасында 2018 жылдың 11 желтоқсанынан бастап, сауда- саттық ашылу күнінен бастап, аталмыш акциялар бойынша 18 сауда-саттық күні ішінде жалпы сомасы 176,3 млн теңгеге 47 мәміле жасалды. Соынмен қатар, аьалмыш акциялар "Астана" (AIX) халықаралық қаржы орталығы мен Лондон қор биржасының (LSE) сауда-саттық алаңында жахандық депозитарлық жазылым ретінде саудаланады. 2019 жылдың 17 қаңтарынан 31 қаңтарына дейінгі кезеңдегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші сыныпты акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімі KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/kase_rules/ мекен-жайында жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-01-16]