KASE 2018 ЖЫЛДЫҢ 01 АҚПАНЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨКІЛЕТТІЛІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ

15.01.19 11:49
/KASE, 15.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE), "Қор нарығы индикаторын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2019 жылдың 15 қаңтарындағы шешімімен, 2019 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімін анықтады. Аталмыш шешімге сәйкес, 2019 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептеу үшін өкілеттік тізімі өзгеріссіз қалады. Сонымен, 2018 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады: ------------------------------------------------------------------------- # р/с Акцияның ҰСН немесе ISIN Эмитент Fi Ri Үлесі коды ----- -------- --------------- --------------------- ---- --------- ----- 1 CCBN KZ1C36280010 "Банк ЦентрКредит" АҚ 53,9 1,0000000 10,0 2 GB_KZMS GB00B0HZPV38 KAZ Minerals PLC 80,8 0,0282341 15,0 3 HSBK KZ1C33870011 "Қазақстан Халық 80,8 0,0954480 15,0 жинақ банкі" АҚ " 4 KCEL KZ1C59150017 "Кселл" АҚ 80,8 0,5525299 15,0 5 KEGC KZ1C34930012 "KEGOC" АҚ (KEGC) 80,8 0,7515940 15,0 6 KZTK KZ1C12280018 "Қазақтелеком" АҚ 80,8 0,3438827 15,0 7 KZTO KZ1C29950017 "ҚазТрансОйл" АҚ 80,8 0,5346417 15,0 ------------------------------------------------------------------------- КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы. Fi – 12.10.18 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 12.10.18 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.08.17 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады. Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр. Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_izm6.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2019-01-15]