"ҚАЗМҰНАЙГАЗ" БАРЛАУ ӨНДІРУ" АҚ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ӨЗІНІҢ KZ000A0RMTC3 (RDGZp) АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯСЫНЫҢ 19 546 ДАНАСЫН БІР АКЦИЯҒА 12 800,00 ТЕҢГЕДЕН КЕРІ САТЫП АЛДЫ

11.01.19, 18:06
/KASE, 11.01.19/ – "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана) 
KZ000A0RMTC3 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RDGZp) 
артықшылықты акциясын кері сатып алу бойынша арнайы 
мамандандырылған сауда-саттықтың ұйымдастырушысы болып табылатын, 
"SkyBridge Invest" және Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 
11 қаңтар күні KASE сауда-саттық жүйесінде жоғарыда аталмыш 
артықшылықты акциялардың 19 546 данасы кері сатып алынды.

Төменде сауда-саттықтың параметрлері мен кері сатып алудың нәтижелері 
берілген.


ҰСЫНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                        
------------------------------------------- ----------------
Қатысушылар саны:                           5               
Берілген өтінімдердің саны                  180 / 178       
(барлығы / белсенді):                                       
Сұранымға ұсыным, %:                        2,4             
Белсенді өтінімдердің көлемі*, теңге:       250 188 800,0   
Белсенді өтінімдерді көлемі, акциялар:      19 546          
Берілген өтінімдер бойынша бағасы, теңге    12 800,00       
(белсенді):                                                 
------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған кезде

  сауда-саттыққа қатысушыларымен жойылмаған өтінімдер       
..соның ішінде Растау жүйесінің қатысушыларымен расталған
  


Белсенді өтінімдердің түгел көлемі жеке тұлғалардың үлесінде болды.


КЕРІ САТЫП АЛУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:                              
--------------------------------------------- -------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,       19 546       
акциялар:                                                  
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,       250 188 800,0
теңге:                                                     
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:         178          
Өтінімдері қанағаттандырылған                 5            
қатысушылардың саны:                                       
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі,       2,4          
жоспардан %:                                               
Қанағаттандырылған өтінімдердегі баға, теңге: 12 800,00    
-----------------------------------------------------------

"Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметі бойынша 
осы кері сатып алу бойынша барлық мәмілелер сауда-саттық нәтижелері 
бойынша орындалды және қанағаттандырылды.



КЕРІ САТЫП АЛУДЫҢ ШАРТТАРЫ:                                      
------------------------------------------- ----------------------
Сауда-саттық кезеңі:                        24.12.18 – 11.01.19   
Жарияланған кері сатып алудың көлемі, дана: 808 975               
Лот көлемі, дана:                           1                     
Саудалау заты:                              акцияның бағасы       
Сатуға өтінімдердің түрі:                   шектелімді            
Өтінімдер беру әдісі:                       Жабық                 
Өтінімдер қабылдау кезеңі:                  24.12.18 – 10.01.19   
                                            (қоса),               
                                            11:30–17:00           
Өтінімдерді растау кезеңі:                  24.12.18 – 10.01.19   
                                            (қоса),               
                                            11:30–17:30           
Кесімдеу күні мен уақыты:                   11.01.19, 14:30       
Есеп айырысу күні мен уақыты:               11.01.19, 14:30       
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:           кесімдеу бағасымен;   
                                            Биржа қарсылама       
                                            өтінімдер қабылдау    
                                            уақыты бойынша        
Кері сатып алудың болжамды бағасы, теңге:   12 800,00             
Сауда-саттық өткізу бастамашысы:            "SkyBridge Invest" АҚ 
                                            (Алматы)              
Сауда-саттық жүйесінің секторы              Eqs_Liq_ST2           
Сауда-саттық жүйесінің тобы                 Prem_ST2_M            
------------------------------------------------------------------

KASE еске салады: 2019 жылдың 14 қаңтарынан 31 қаңтарына дейін 
Қазақстан қор биржасында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 
KZ000A0RMTC3 (RDGZp) артықшылықты акцияларының 781 504 данасын 
кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 
өткізіледі. Осы арнайы мамандандырылған сауда-саттықтардың 
шарттарымен мына сілтемемен танысуға болады 
http://kase.kz/ru/news/show/1392175/.

[2019-01-11]