"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларына "ЦентрКредит – Валюталық" ИПИҚ KZPF00000058 (BCCI_cc) пайларын ұстаушыларына дивиденд төлегені туралы хабарлады

11.01.19 16:36
/KASE, 11.01.19/ – Пайлары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ЦентрКредит – Валюталық" инвестициялық пайлық интервалдық қорының басқарушы компаниясы болып табылатын, "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest"АҚ (KZPF00000058, BCCI_cc) пайларын ұстаушыларына 2018 жылдың 01 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде дивиденд төлегені туралы хабарлады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес төленген сома 153 831,86 АҚШ долларын құрады, пайларды ұстаушылар тізілімін тиянақтау күні – 2018 жылдың 31 желтоқсаны. [2019-01-11]