ONLINE ЖОБА "KASE: ТҰЛҒАЛЫ ТАРИХ" – НҰРЖАН АЛИМУХАМБЕТОВ ПЕН ГАЛИНА ЦАЛЮКТІҢ СҰХБАТТАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

08.01.19, 15:43
/KASE, 08.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өз 25 
жылдығына орай электрондық кітап форматында "Тұлғалы тарих" онлайн 
жобасы аясында сұхбаттар сериясын жариялауды жалғастырады.

Осы жобаның шегінде Қазақстан Республикасының қор нарығының 
қалыптасуына және дамуына елеулі үлестерін қосқан, тұлғалардың 
сұхбаттары мен естеліктері ұсынылады.

Жарияланымдар сериясын Нұржан Алимухамбетовтің "Успех фондовому 
рынку обеспечивает баланс интересов его участников" және Галина 
Цалюктің "Биржа – не просто место работы, биржа – это судьба" атты 
естеліктері жалғастырады.

Жарияланымдар KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/ru/events/show/2018/istoriya_v_licah/ мекен-жайында қолжетімді.

Биржаның осы жобасы аясында апта сайын жаңа материалдар жариялау 
жоспарланды.

Жоба туралы толығырақ – 
http://www.facebook.com/KazakhstanStockExchange/photos/a.1054465874581080/2371228992904755/?type=3

[2019-01-08]