04 қаңтарда KASE интернет-сайтында "Компаниялардың ақпаратты ашуы" атты жаңа бөлімі ашылды

04.01.19, 15:36
/KASE, 04.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 04 
қаңтарынан бастап kase.kz интернет-сайтында "Компаниялардың 
ақпаратты ашуы" атты жаңа бөлімі ашты.

Жаңа бөлімде "Листингілік қағидалар" атты KASE ішкі құжатымен 
анықталған ақпараттарды ашу бойынша олардың міндеттемелерді атқару 
аясында Қазақстан қор биржасына эмитенттер мен бағалы қағаздарды іске 
қосу бастамашыларынан түскен хабарламалар мен құжаттар жарияланады.

Жаңа жарияланған құжаттарғадың сілтемесінің он-лайн лентасы KASE 
интернет-сайтында "Компаниялардың ақпаратты ашуы" атты сыртқы 
бетінде орналастырылған. Құжаттардың толық тізіміне тақырыбына басу 
арқылы кіруге немесе  "Өнімдер мен қызметтер" – "Листинг" – 
"Компаниялардың ақпаратты ашуы"  сайттың мәзірі арқылы өтуге болады.

Бұрынғыдай, бағалы қағаздардың эмитенттері мен бастамашылары 
ұсынған құжаттар эмитенттердің парақшаларында жарияланады.

[2019-01-04]