ONLINE ЖОБА "KASE: ТҰЛҒАЛЫ ТАРИХ" – МАРИЯ ХАДЖИЕВА МЕН БАҚЫТЖАН КОНКАШЕВТІҢ СҰХБАТТАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

04.01.19, 11:59
/KASE, 04.01.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өз 25 
жылдығына орай электрондық кітап форматында "Тұлғалы тарих" онлайн 
жобасы аясында сұхбаттар сериясын жариялауды жалғастырады.

Осы жобаның шегінде Қазақстан Республикасының қор нарығының 
қалыптасуына және дамуына елеулі үлестерін қосқан, тұлғалардың 
сұхбаттары мен естеліктері ұсынылады.

Жарияланымдар сериясын Мария Хаджиеваның "Полжизни связано с 
рынком ценных бумаг" және Бақытжан Конкашевтің "Четверть века мой 
каждый рабочий день начинается с новостей KASE" атты естеліктері 
жалғастырады.

Жарияланымдар KASE интернет-сайтында 
http://kase.kz/ru/events/show/2018/istoriya_v_licah/ мекен-жайында қолжетімді.

Биржаның осы жобасы аясында апта сайын жаңа материалдар жариялау 
жоспарланды.

Жоба туралы толығырақ – 
http://www.facebook.com/KazakhstanStockExchange/photos/a.1054465874581080/2371228992904755/?type=3

[2019-01-04]