01 қаңтардан бастап Мүшелік туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

13.12.18 14:42
/KASE, 13.12.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 12 желтоқсанындағы шешімімен "Мүшелік туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 7 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілдіп, 2019 жылдың 01 қаңтарына бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш өзгертулер келесідей себептермен енгізілді: - Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, заңды тұлғаларының құжаттарында мөрдің басылуын талап етуге тыйым салуды қарастыратын, Қазақстан Республикасының "Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңшығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 2018 жылдың 24 мамырындағы № 156-VI заңымен енгізілген өзгертулерге сәйкестендіру мақсатында; - сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама беру үрдісінің өзгеруіне сәйкес Биржа сертификаттау туралы куәлікті енді бермейтініне байланысты; - Сауда-саттық жүйесін пайдаланушыларын сертификаттау және сауда- саттық жүйесіне рұқсаттама беру жөніндегі комиссиясының жойылуына байланысты және трейдерді сауда-саттыққа қатысудан шеттету, сауда- саттықты ұйыдастыру және өткізу және тәуекелдерді басқаруды қадағалайтын, Биржа Басқармасының мүшелеріне берілгенінен байланысты; - Биржаға және оның мүшелеріне комиссиялар мен валюталық жайғасымдар туралы келісім-шарттар туралы мәліметтерді Биржаға беру бойынша процедуралық нақтылаулар енгізілді. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/members.pdf мекен-жайында жуырдағы уақытта жарияланады. [2018-12-13]