KASE Startup сауда-саттық алаңында мәмілелер жасасу және есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы қағидаға енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізіледі

29.12.18, 17:07
/KASE, 13.12.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) 
Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 12 желтоқсанындағы шешімімен 
"KASE Startup сауда-саттық алаңында мәмілелер жасасу және есеп 
айырысуларды жүзеге асыру тәртібі туралы қағида" (Қағида) атты 
KASE ішкі құжатына енгізілген № 2 өзгертулер бекітіліп, 2019 жылдың 01 
қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгертулер "Бағалы қағаздар нарығы туралы" АҚ заңына "Бірыңғай бағалы 
қағаздар тіркеушісі" АҚ қызметіне қатысты норманың алып тасталуына 
байланысты, енгізілген түзетулерге сәйкестендіру мақсатында енгізілді. 
2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап "Бірыңғай бағалы қағаздардың 
тіркеушісі" АҚ функциялары "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ 
берілді.

Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE Startup сауда-саттық алаңының 
интернет-сайтында жуырдағы уақытта http://startup.kase.kz мекен-жайында 
жарияланады.

[2018-12-13]