/ҚАЙТАЛАУ/ 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап Сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама беру ережелері мен Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізіледі

29.12.18, 14:31
/KASE, 29.12.18, 13.12.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының 
(KASE) Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 12 желтоқсанындағы 
шешімімен "Сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама беру ережелері" атты 
KASE жаңа құжаты және "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" 
атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 4 өзгертулер (өзгертулер) бекітілді.

Сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама беру ережелері 2019 жылдың 
01 қаңтарынан бастап, сауда-саттық жүйесінде айналыста жүрген бағалы 
қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының сауда-саттығына қор 
биржасы мүшесінің атынан қатысаьтын трейдерлерді Биржа міндетті 
оқытатын норманың алып тастауына байланысты әзірленді. Бұл құжатта 
Биржаның сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама алудың шарттары, сауда-
саттық жүйесімен жұмыс жасау бойынша Биржа өткізетін таныстыру 
семинарларына қатысу тәртібі, ID берілуі мен құпия сөзінің генерациясы, 
оларды беру, сақтау және қолдану, сондай-ақ, пайдаланушыларға сауда-
саттық жүйесіне рұқсаттама беру тәртібі мазмұндалған.

Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелеріне енгізілген өзгертулер сауда-
саттық жүйесіне рұқсаттама беру шарттары мен тәртібі өзгеруіне 
байланысты. Бұл ретте, Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелерінің 
2 сілтемесі деректемелермен толықтырылған.

2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап Сауда-саттық жүйесін 
пайдаланушыларды сертификаттау және суда-саттық жүйесіне рұқсаттама 
беру ережелері өз күшінен айырылды деп саналады.

Сауда-саттық жүйесіне рұқсаттама беру ережелері мен Биржалық қызметті 
жүзеге асыру ережелерінің жаңартылған мәтіндері жуырдағы уақытта KASE 
интернет-сайтында жарияланады.

[2018-12-29]