26 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ US63253R2013 (KZAPd) ЖДҚ сауда-саттықтары ашылды

21.12.18 19:25
/KASE, 21.12.18 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2018 жылдың 26 желтоқсаннан бастап KASE мүшесінің өтініші негізінде автоматты репо нарығында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана) базалық активтері KZ1C35200019 (KZ1C00001619, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары болып табылатын US63253R2013, жахандық депозитарлық жазылымдармен (ЖДҚ) сауда-саттықтары ашылады. Аталмыш ЖДҚ KASE Басқармасының 2018 жылдың 13 желтоқсанындағы шешімімен KASE ресми тізімінің "Туынды бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталмыш ЖДҚ KZAPd (сауда-саттық коды) қысқартылған код берілді. KASE сауда-саттық жүйесінде аталмыш ЖДҚ баға белгілеу дәлдігі АҚШ долларымен белгіленген, бір ЖДҚ бағасының екінші белгісіне дейін белгіленген. Аталмыш ЖДҚ Биржа мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізіміне енгізілген, осыған байланысты олармен сауда-саттық есептесуі Т+2 сызбасы бойынша жартылай қамтамасыз етумен ашық болады. Сауда-саттық жұмыс күндері алматы уақытымен сағат 11.30-дан 17.00-ге дейін жүргізіледі. Аталмыш ЖДҚ шығарылымы туралы толық ақпарат KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/KZAP/ мекен-жайында жарияланған. [2018-12-21]