13 желтоқсаннан бастап Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген "Раннила Казахстан" АҚ KZ1C53400012 (RANL) акциялары бағалы қағаздар қатарынан шығарылды

13.12.18 12:22
/KASE, 13.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2018 жылдың 13 желтоқсаннан бастап "Раннила Казахстан" АҚ KZ1C53400012 (RANL) жай акциялары Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілген беймемлекеттік бағалы қағаздар тізімінен шығарылды. Аталмыш жағдай Қазақстан қор биржасында соңғы 90 күнтізбелік күн ішінде аталмыш сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акциялармен мәміле болмауына байланысты, "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында бағалы қағаздарды айналымға жіберу Ережесінің 14 тармағы 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылды. Аталмыш акциялар Қазақстан қор биржасының "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында 2018 жылдың 05 мамырынан бастап айналысқа жіберілген. [2018-12-13]