14 ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ САУДА-САТТЫҚ ОНЫҢ РЕЗЕРВТІК ОРТАЛЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

13.12.18 10:35
/KASE, 13.12.2018 / – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан қор биржасындағы валюталық және қор нарығындағы сауда-саттық биржаның резервтік орталығында жүргізіледі. 2018 жылдың 14 желтоқсанында Биржаның сауда-саттық жүйесіне сауда- саттыққа қашықтықтан қатысушыларды қосу резервтік орталықта алматы уақытымен сағат 08:30-дан бастап, тек қана интернет-арнасында орындалады. Биржаның резервтік орталығындағы сауда-саттық жүйесіне қосылу туралы ақпаратпен KASE сайтында http://kase.kz/ru/kase_connection/ мекен- жайында танысуға болады. 2018 жылдың 14 желтоқсанында сауда-саттыққа қатысуға кедергі келтіретін, Биржаның резервтік орталығындағы сауда-саттық жүйесіне қосылуға байланысты немесе KASE сауда-саттық терминалдарында басқа да мәселелер туындамас үшін, Биржаның Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "AlmatyTowers" КСК кешені, 5-ші қабат, 504 кабинет мекен-жайында орналасқан сауда-саттық залын пайдалануға болады. Аталмыш іс-шара Биржаның төтенше жағдайларға ықпал ету жоспарларын тестілеу мақсатында жүргізіліп отыр. [2018-12-13]