KASE 2018 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді

12.12.18 17:42
/KASE, 12.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) бүгін 2018 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған статистикалық ақпарат ұсынылған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді. Ағымдағы кезеңде сауда-саттықтың жиынтық көлемі 11,7 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы айға қарағанда 14,8 % немесе 1,5 трлн теңгеге өсті. Бағалы қағаздар нарығы, шет елдік валюталар, қаржы (репо және валюталық своп) көрсеткіштері туралы толық ақпаратпен KASE интернет- сайтында Биржаның баспасөз хабарламасымен – http://kase.kz/files/press/ru/12_12_2018_Itogi_november.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-12]