АНОНС: 2018 ЖЫЛДЫҢ 28 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ KASE "ҚОР НАРЫҒЫНДА ҚАЛАЙ САТУ КЕРЕК" АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

12.12.18 16:48
/KASE, 12.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 21 желтоқсанында жеке инвесторлар үшін "Қор нарығында қалай сату керек" атты семинар өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: Байзақов көшесі 280, "Almaty Towers" Көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Өтетін уақыты – алматы уақытымен сағат 14-00. Семинарға қатысу тегін. Іс-шараның спикерлері - KASE қызметкерлері және брокерлік компания өкілдері. Семинардың мақсаты қазақстан халқын отандық қор нарығы және оның мүмкіндіктері туралы білімдерін жетілдіру. Тыңдаушылар бірізді лекциялар сериясына қатыса отырып, қор нарығының инфрақұрылымы мен оның негізгі элементтері туралы қосымша білім ала алады. Оқыту бағдарламасы бағалы қағаздар түрлері туралы ақпарат беруді, бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама нарығындағы түсініктерін ашу, бағалы қағаздар әдістемесіне талдау жасауды үйретді қарастырады. Қатысу үшін 2018 жылдың 20 желтоқсанынан кешікпей, тиісті өтінімді customers@kase.kz жіберу арқылы тіркелу қажет. Өтінімде келесі мәліметтерді көрсету қажет: - қатысушының аты-жөні; - айналысатын қызметі; - қызметкердің байланыс мәліметтері. Қатысу мәселелері бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс департаментіне Ардақ Ашимоваға +7 (727) 237 6019 телефонына хабарласуға болады. [2018-12-12]