12 желтоқсанда KASE 2018 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді

10.12.18 18:34
/KASE, 10.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 12 желтоқсанында сағат 15:00 - де Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді. Брифингте 2018 жылдың қараша айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Аталмыш іс-шара KASE конференц-залында мына мекен-жайда өтеді: Алматы қ, Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE жаңа пресс-румы. Іс-шараның спикері – KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. Биржаның ай сайын медиа-брифингтерді өткізуі оның ақпараттық айқындылық саясаты мен ашықтылығының бір бөлігі болып табылады. [2018-12-10]