/ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ/ 11 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C35200019 (KZ1C00001619, KZAP) облигацияларымен сауда-саттығы ашылады

11.12.18 12:26
/KASE, 11.12.18, сауда-саттық сызбасы мен регламенті бойынша ақпарат енгізілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімімен KASE қайталама нарық секторында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана) KZ1C35200019 (ISIN – KZ1C00001619) облигацияларының сауда-саттығы ашылады. Аталмыш акциялар KASE Басқармасының 2018 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатына енгізілген. Басқарманың аталмыш шешімі 2018 жылдың 26 қарашасынан бастап аталмыш акцияларды іске қосу бастамашысы болып табылатын "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ (Алматы) KASE ішкі құжаты "Листингілік ережелерінің 2.3 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағы 1) тармақшасының шарттарын орындауға байланысты күшіне енгізілді. Аталмыш акцияларға KZAP қысқартылған (сауда-саттық коды) код берілген. Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның бағасының екінші ондық таңбасына дейін қазақстандық теңгемен белгіленген. Аталмыш акциялармен мәмілелер белгілі бір өтімділік деңгейіне жеткенше Қазақстан қор биржасында есептесуі Т+0 сызбасымен жүзеге асырылады. KASE Ішкі құжатының "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткішін анықтау әдістемесінің" 16 тармағына сәйкес, Қазақстан қор биржасында сауда- саттық жұмыс күндері алматы уақытымен сағат 15:00 -ден 17:00 – ге дейін жүргізіледі. Аталмыш облигациялар бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/KZAP/ мекен-жайында жарияланған. Сауда-саттық және растау жүйесі регламенті http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында жарияланған. Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткішін анықтау әдістемесі http://www.kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-12-11]