11 желтоқсаннан бастап KASE қайталама нарық секторында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C35200019 (KZ1C00001619, KZAP) облигацияларымен сауда-саттығы ашылады

11.12.18 12:02
/KASE, 11.12.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 11 желтоқсанындағы шешімімен KASE қайталама нарық секторында "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C35200019 (ISIN – KZ1C00001619) облигацияларының сауда-саттығы ашылады. Аталмыш акциялар KASE Басқармасының 2018 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатына енгізілген. Басқарманың аталмыш шешімі 2018 жылдың 26 қарашасынан бастап аталмыш акцияларды іске қосу бастамашысы болып табылатын "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ (Алматы) KASE ішкі құжаты "Листингілік ережелерінің 2.3 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағы 1) тармақшасының шарттарын орындауға байланысты күшіне енгізілді. Аталмыш акцияларға KZAP қысқартылған (сауда-саттық коды) код берілген. Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттық жүйесіндегі номиналдан пайызбен көрсетілген, облигацияның бағасының екінші ондық таңбасына дейін қазақстандық теңгемен белгіленген. Аталмыш облигациялар бойынша толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында http://kase.kz/ru/issuers/KZAP/ мекен-жайында жарияланған. [2018-12-11]