"Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ өзінің KZ2C0Y10D307 (KZ2C00001477, CTECb1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

10.12.18 16:11
/KASE, 10.12.18/ - "Орта-Азиялық отын-энергетика компаниясы" АҚ (Алматы) 2018 жылдың 07 желтоқсанында өзінің KZ2C0Y10D307 (KZ2C00001477, CTECb1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 17019864075 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 16018695600 теңгені, купондық сыйақысы – 1001168475 теңгені құрады. [2018-12-10]