Банк ВТБ еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ Қазақстан Республикасында «Мир» карталарына қызмет көрсетуін бастағаны туралы хабарлады

10.12.18 11:16
/KASE, 10.12.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, Банк ВТБ еншілес ұйымы (Қазақстан) АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына төмендегі туралы хабарлады: цитата басы Банк ВТБ Қазақстан елімізде бірінші болып «Мир» төлем жүйесінің карталарын қабылдау және қызмет көрсету жобасын іске қосты. Енді «Мир» карталарын ұстаушылары теңгерімін біліп, банктің кез келген банкоматынан немесе кассасынан қолма-қол ақша ала алады. Сервисті кез келген ресейлік банктің «Мир» карталарының иелері пайдалана алады. ВТБ Қазақстан банкоматтарында қолма-қол ақша беру теңгемен жүзеге асырылады. Тарифтеу картаны шығарған кредиттік ұйымның ішкі тарифтеріне сәйкес жүргізіледі. цитата соңы Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_101218_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-12-10]