01 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП KASE KASE_BM* СЕРИЯЛЫ индексінІҢ өкілетті тізімІНе ТӨРТ ШЫҒАРЫЛЫМ ОБЛИГАциЯларын енгізДі

30.11.18 16:26
/KASE, 30.11.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE_BM* сериялы индикаторларын есептеуге арналған өкілетті тізімге 2018 жылдың 01 желтоқсанынан бастап "келесі облигацияларын өкілеттік тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады: 1) KZP06Y07D217 (KZ2C00002996, CCBNb26) АО "Банк ЦентрКредит"; 2) KZP03Y08E830 (KZ2C00003036, CSBNb17) АО "Kaspi Bank"; 3) KZP01Y07E760 (KZ2C00002925, TSBNb26) АО "Цеснабанк"; 4) KZP02Y08E766 (KZ2C00002913, TSBNb27) АО "Цеснабанк". Аталмыш облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес. Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE қор нарығының индикаторларын есептеуге арналған өкілеттік тізімін қайта қарастырады: 1) негізгі алаң (серия KASE_BM*) – KASE_BMC таза бағасы индексі және KASE_BMY кірістілік индикаторы; 2) балама алаңы (серия KASE_BA*) – KASE_BAC таза бағасы индексі және кірістілік индикаторы KASE_BAY кірістілік индикаторы. 2018 жылдың 01 желтоқсанынан бастап KASE_BM* сериялы индикаторларының өкілеттік тізімі 42 атаулы облигациядан тұрады. KASE_BA* сериялы индикаторларының тізіміне енгізу үшін балама алаңның облигациялары жоқ. 2018 жылдың 26 қаңтарынан бастап, KASE_BA* сериялы индикаторларын есептеуге арналған аталмыш индикаторлар болмағандықтан, индикаторларды есептеу тоқтатылды, өйткені Әдістемеге сәйкес корпоративтік облигациялардың жалпы саны кем дегенде төрт индикатордан тұратын болуы тиіс. Аталмыш тізім KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/stock_market/kase_bonds/KASE_BMC/ мекен-жайында жаряланған. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайында жаряланған. [2018-11-30]