"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ "Еңбек" кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді жалпы сомасы 5 187 млн теңгеге қаржыландыру туралы хабарлады

30.11.18 15:51
/KASE, 30.11.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), баспасөз хабарламасы туралы хабарлайды: цитата басы «Сбербанк» АҚ ЕБ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы («Еңбек») бойынша көшбасшылық орнын сақтауда. Бүгінгі таңда Банк жалпы сомасы 5 млрд 187 млн теңгеге 384 кәсіпкерді қаржыландырды. 164 жоба бойынша қамтамасыз ету ретінде жалпы сомасы 1 млрд. 166 млн. теңгеден асатын кепілдікер алынды. Сбербанк бұл мемлекеттік бағдарламаға оны іске асыру басталған сәттен бастап белсенді қатысуда. 2017 жылы Бағдарламаның алғашқы траншы аясында Сбербанкке 4 млрд. 260 млн. теңге бөлінген болатын, ол түгелдей игерілді. Осы жылдың тамыз айында 2 млрд. 601 млн. теңге сомасында алынған екінші транш аясында Сбербанк 790 млн теңге сомаға 61 заемшыны қаржыландырып үлгерді. 2017 және 2018 ж. өзінде Сбербанк «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 2 млрд. 581 млн. теңгеге 206 старт-ап жобаларды қаржыландырды. «Банкттерге «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 23 млрд. теңгеден астам соманың 30%-ы Сбербанкке тиесілі, - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов, - Бұл өз бизнестерін біздің банк арқылы дамытқысы келетін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін өте маңызды». Мысалы, Атырауда мұнай-газ секторында қызмет атқаратын сервистік кәсіпорынға транспорттық қызметтер көрсетуді жоспарлап отырған ЖК «Бағдаулеттің» жаңадан басталған бизнесін, ал Павлодарда өңір тұрғындары үшін нан және нан-бөлішке өнімдерін өндірумен айналысатын ЖК «Айдалиді» Сбербанк осы бағдарлама бойынша қаржыландырды. цитата соңы [2018-11-30]