Еуразиялық даму банкі Қазақстан қор биржасында "Казкоммерц Секьюритиз" акционерлік қоғамының қолдауымен KZP03Y04E904 (KZ2D00004413, EABRK061122) облигацияларын 20,0 млрд теңгеге орналастырды

07.11.18 18:08
/KASE, 07.11.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) мүшесі болып табылатын Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы, тақырыптамада және әрі қарай –"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), Қазақстан қор биржасына 06 қарашада Еуразиялық даму банкінің баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Еуразиялық даму банкі "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде кезекті рет жалпы көлемі 20 млрд. теңге облигацияларының шығарылымын табысты орналастырды. Ағымдағы жылдың қазан айында Банк Қазақстандағы әлеуетті инвесторлармен кездесу өткізді және кездесу қорытындысы бойынша өзінің облигацияларын биылғы жылы үшінші рет орналастыру туралы шешім қабылдады. Орналастырылған облигациялардың жалпы номиналдық көлемінің айналым мерзімі 4 жылда 20 ммлрд теңгені құрады, купон мөлшерлемесі жылдық 9,70 пайызды құрады. Облигацияларға ағымдық банк рейтингі деңгейінде халықаралық несие рейтингі берілді, яғни Moody’s рейтингілік агенттігі Baa1 рейтингін ұсынды. Сауда-саттық барысында жалпы көлемі 20 млрд. теңгеге инвесторлардан 4 өтінім берілді. Қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ болды. ... Баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1386559/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-11-07]