ONLINE ЖОБА "KASE: ТҰЛҒАЛЫ ТАРИХ" – ВЛАДИСЛАВ ЛИ ЖӘНЕ ШОЛПАН АЙНАБАЕВАНЫҢ СҰХБАТТАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

16.10.18 15:05
/KASE, 16.10.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) өз 25 жылдығына орай электрондық кітап форматында "Тұлғалы тарих" онлайн жобасы аясында сұхбаттар сериясын жаричлауды жалғастырады. Осы жобаның шегінде Қазақстан Республикасының қор нарығының қалыптасуына және дамуына елеулі үлестерін қосқан, тұлғалардың сұхбаттары мен естеліктері ұсынылады. Жарияланымдар сериясын Владислав Лидің "Рынок движут предприимчивость и инициатива" және Шолпан Айнабаеваның "Волею судеб оказались у истоков" атты естеліктері жалғастырады. Жарияланымдар KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/events/show/2018/istoriya_v_licah/ мекен-жайында қолжетімді. Биржаның осы жобасы аясында апта сайын жаңа материалдар жариялау жоспарланды. Жоба туралы толығырақ – http://www.facebook.com/KazakhstanStockExchange/photos/a.1054465874581080/2371228992904755/?type=3 [2018-10-16]