16 қазан күні KazPrime индикаторының мәні өсіп, жылдық 10,25 % құрады

16.10.18 15:01
/KASE, 16.10.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) фиксинг нәтижесі бойынша 2018 жылдың 16 қазанында KazPrime индикаторының мәні алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 25 базистік нүктеге өсіп, жылдық 10,25% құрады деп хабарлайды. KazPrime индикаторы қазақстандық нарықта банкаралық депозиттерді actual/360 есептік базасымен 3 ай мерзіміне ақшаларды орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді. Индикатордың актуалды мәнімен және мұрағаттық мәліметтермен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/kz/kazprime мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2018-10-16]