16 қазанда KASE 2018 жылдың үшінші тоқсанындағы және тоғыз айына биржалық нарықтың жұмыс нәтижелеріне және әрі қарайғы жоспарларына арналған баспасөз конференциясын өткізеді

15.10.18 10:37
/KASE, 15.10.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылдың 16 қазанында сағат 11:00-де баспасөз конференциясын өткізетіні туралы хабарлайды, бұл іс-шараны 2018 жылдың үшінші тоқсан және 9 айда биржалық нарықтың жұмыс нәтижелеріне және KASE 25-жылдығына арналған жоспарларына арналады. Іс-шараның спикерлері - KASE Басқармасының Төрайымы А. Ө. Алдамберген, Басқарма Төрайымының орынбасары А.Ю. Цалюк қатысады. Аталмыш іс-шара KASE мәжіліс залында, мына мекен-жай бойынша өткізіледі: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешеннің Солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE пресс-румы. KASE журналистермен тұрақты кездесулер өткізуі оның ақпараттық ашықтылық және айқындылық саясатының бір бөлігі болып табылады. [2018-10-15]