Ұлттық Банк "Еуразиялық банк" АҚ KZP02Y10E937 (KZ2C00003176, EUBNb16) облигацияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

15.10.18 17:37
/KASE, 26.09.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) өзінің KZP02Y10E937 (KZ2C00003176, KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EUBNb16, 100 тенге, 50,0 млрд тенге; 14.05.15 – 14.05.25; жылдық 9,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының шығарылым аңдатпасына тіркелген өзгертулер мен толықтыруларын және алдында берілгеннің орнына берілген, 2018 жылдың 11 қазанындағы бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін Биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасы Ұлтты Банкі (Ұлттық Банк) аталмыш облигацияларды шығарылымы аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік аталмыш облигациялардың айналыс мерзімі өзгеруіне байланысты ауыстырылды; - аталмыш облигациялардың айналыс мерзімі 10 жылдан 2 жылға өзгертілді; - аталмыш облигациялардың KZP02Y10E937 ұлттық сәйкестендіру нөмірі KZP02Y02Е934 болып ауыстырылды; - облигациялардың сыйақы мөлшерлемесі жылдық 9,50 %-дан жылдық 11,00 % болып өзгертілді; - купонды төлеу мерзімділігі жылына екі реттен жылына бір рет болып өзгертілді. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubnf9_EUBNb16_izm_111018.pdf [2018-10-15]